Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 377.18 EUR 426.14
RUB 5.98 CNY 54.86
Jańalyqtar

Президенттік сайлауға қатысудан бас тартуыма Интернеттегі пікірлер әсер етті - Талғат Ерғалиев

2019 жылғы 29 сәуір 11:11 1172
Бөлісіңіз:
Президенттік сайлауға қатысудан бас тартуыма Интернеттегі пікірлер әсер етті  - Талғат Ерғалиев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақстан Құрылысшылар одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігі атынан 9 маусымда өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға кандидат ретінде ұсынылған Талғат Ерғалиев саяси додаға қатысудан бас тартты,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бас прокуратура: Президент сайлауы қолданыстағы заңнама нормаларына сай өткізілді Жапонияның бұрынғы елшісі: Қазақстандағы сайлауды ерекше қызығушылықпен бақыладық

"Өмірлік тәжірибем мен өндірістік білімім жеткілікті, құрылыс саласында орын алып отырған проблемаларды, оларды шешу жолдарын да жетік білемін деп есептеймін.  Интернеттегі пікірлерді қарап отырып, адамдар мені әлі де жетік танымайтындығына көз жеткіздім. Демек, ел үшін, адамдар үшін әлі де жақсы дүниелерді жасау керек. Яғни, адамдарға құрмет көрсете білу керек. Осы күндердің ішінде соны жете түсіндім. Құрылысшылар одағындағы әріптестеріммен жан-жақты кеңестік. Бүгінгі күні барлық күш-жігерді, энергияны бір кандидатымыз Дания Еспаеваға қолдауға жұмсау қажет деген ортақ шешімге келдік", - деді ол Орталық сайлау комиссиясында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанның құрылысшылар одағы ҚР Президенттігіне Талғат Ерғалиевті ұсынып, ол құжаттар топтамасын Орталық сайлау комиссиясын тапсырған болатын.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Сайлау 2019,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT