Президенттік мәдениет орталығында грек және қазақ музыкасы мен әнінің концерті өтті

None
None
sp; АСТАНА. Қарашаның 19-ы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Кеше елордадағы Президенттік мәдениет орталығында грек және қазақ музыкасы мен әнінің концерті өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Мәдени шараның ашылу рәсіміне қатысқан ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Асқар Бөрібаев, «бүгін өткелі отырған концертті қазақ пен грек мәдениеті достығының кеші деп те атауға болады. Менің ойымша, дәстүрге, тарихқа бай біздің мәдени мұраларымыз екі ел арасындағы  шынайы сезімді жақындата түседі. Халықтардың арасын мәдениеттей ештеңе жақындата алмайды», деді.

 Осы кеште елордалық тыңдарман еліміздің танымал композиторлары Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди, Алмас Серкебаевтың шығармаларын тыңдап, Грекияның Я.Константинидис, М.Теодораки, Н.Скалкотас, С.Ксархакос сынды өнер жұлдыздарының туындыларымен танысты. Сонымен қатар, концерт барысында К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының камералық оркестрі аталған қазақ композиторларының «Шалқыма», «Алқоңыр», «Қазақ вальсі» атты туындыларын орындады.  

«Біз бүгінгі іс-шарада мәдени және саяси аспектіні қосып отырмыз. Себебі Қазақстан мен Грекия Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы форматында үйлесімді қызмет атқара алады. Желтоқсан айында Афиныда министрлер кеңесі өтеді. Онда ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы Грекия келесі жылы ЕҚЫҰ-ның төрағасы болатын Қазақстанға өз өкілеттігін береді. Бұл саяси оқиға бүгінгі мәдени іс-шараның ұйымдастырылуына басты себеп болды», деді Грекияның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Евангелос Денаксас.

Грек және қазақ музыкасы мен әнінің концертін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Грекия елшілігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар