Президенттік қолдау: Жамбыл облысының 235 мыңнан астам тұрғыны 42 500 теңгені алды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылған 235 мыңнан астам тұрғын әлеуметтік төлемге қол жеткізген, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпаратына сүйенсек, 23 сәуірге дейін тұрғындардан 270 мыңнан аса өтініш түсіп, олардың 246 мыңға жуығы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының филиалы арқылы мақұлданған.

«Бүгінгі күнге аталған төлем 235 320 өтініш иесінің қолына тиіп отыр. Оның ішінде Тараз қаласы бойынша – 79 767. Аудандар бойынша цифрлар төмендегідей: Байзақ ауданы – 21 497, Жамбыл ауданы – 18 119, Жуалы ауданы – 11 613, Қордай ауданы – 26 928, Меркі ауданы – 21 019, Мойынқұм ауданы – 5 076, Сарысу ауданы – 6 851, Талас ауданы – 8 294, Т.Рысқұлов ауданы – 14 281 және Шу ауданы бойынша 21 875 адам», - делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ, бұл көмек бойынша түсіп жатқан өзге де өтініштер төтенше жағдай біткенше қарала беретіндігі айтылған.


Соңғы жаңалықтар