Президенттік қолдау: Семей қаласында 42 500 теңге алуға 8 мыңнан астам өтініш түскен

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында әлеуметтік төлем алуға 8 мыңнан астам өтініш түскен, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«Қала бойынша ең төменгі жалақы мөлшеріндегі әлеуметтік төлем алуға 8104 өтініш келіп түсті. Оның 5307-сіне төленсе, 2797 өтініш берушіге жәрдемақы беруден бас тартылды. Мұндағы негізгі себеп – құжаттарды тапсыру кезіндегі қателіктер. Сондай-ақ төлем алуға құқығы жоқ адамдар да өтініш жіберген», - дейді Семей қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев.

Оның айтуынша, тұрғындар уақытылы төлем алып, өтініш беру процесі, тіркеу және өтінішті қарау мерзімдері жеңілдетілген. Егер бұрын өтінімді қарау үшін бір апта қажет болса, қазір оған үш күн жетеді.

«Банктік шоттары жоқ азаматтар үшін бірқатар қиындық болғаны рас. Әкімдік барлық банктер мен «Қазпошта» филиалдарының жұмысын демалыссыз етіп ұйымдастырды. Осының нәтижесінде шоттарды тез ашуға мүмкіндік жасалды», - дейді бөлім басшысы.


Соңғы жаңалықтар