Президенттік қолдау: Алматының 400 мыңнан астам тұрғыны 42500 теңгеден алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Төтенше жағдайдың жариялануына байланысты табысынан айырылған 400 мыңнан астам алматылық 42500 теңгеден алды. Бұл туралы Алматы қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева онлайн-брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұған дейін бірнеше рет брифинг өткізіп, онда табыстарынан айрылған азаматтарға 42 500 теңге әлеуметтік көмекті төлеу ережелері туралы түсіндірген болатынбыз. Барлығы 896 752 адамнан өтініш түсті. Жалпы 17,5 млрд теңге 416 045 адамға берілді. Бірінші айда - 370 660 адам, екінші айда 45385 адам алды», - деді Рахат Шимашева.



Соңғы жаңалықтар