+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Президенттік қолдау: 42500.enbek.kz сайтына 450 мыңнан астам өтініш түсті

2020 жылғы 5 мамыр 14:19
Бөлісіңіз:
Президенттік қолдау: 42500.enbek.kz сайтына 450 мыңнан астам өтініш түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Төтенше жағдай кезінде табысынан айрылған азаматтардың әлеуметтік төлем алуға байланысты өтініштері тәулік бойы қаралуда. Бұл туралы Еңбек ресурстарын дамыту орталығынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылғы 4 мамырдағы жағдай бойынша https://42500.enbek.kz сайтына 451,6 мың өтініш келіп түсті. Оның ішінде тек 4 мамырда 11 мыңнан астам өтініш тіркелді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның мамандары келіп түскен барлық өтініштерді қарап, Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлем алуға өтініш беру тәртібі туралы, әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту себептері жайында, бірыңғай жиынтық төлемді қайтару тәртібі туралы және басқа да сұрақтарға түсініктеме береді», - делінген орталық хабарламасында.

Атап айтқанда, өтініштердің басым көпшілігі ТЖ кезеңінде табысты жоғалтуына байланысты әлеуметтік төлемді есептеу тәртібіне, сондай-ақ оны тағайындаудан бас тарту себептеріне қатысты. Әрбір өтініш жеке қаралып, азаматтарға өтінімде жіберген қателерді жоюға, сол арқылы әлеуметтік төлемді алуына көмек көрсетіледі.

Айта кетсек, ең жиі кездесетін қателер бұл - азаматтардың ЖСН, сондай-ақ банктік шот нөмірін дұрыс көрсетпеуі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT