Президенттік кадр резервінің жеңімпазы: Өмірдегі жетістіктерім үшін ұстаздарыма ризамын

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өмірдегі жетістіктерім үшін ұстаздарыма ризамын. Президенттік жастар кадр резервінің жеңімпазы, қаржы талдаушысы, «Astana International Exchange» биржасының басқарма мүшесі Ренат Бектұров ұстаздар күні қарсаңында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Баланы тәрбиелеу - бұл педагогтер мен ата-аналардың ортақ еңбегі, олар бір бағытта жұмыс істеуі тиіс» деп есептейді Ренат Бектұров.

Өткен жылдың соңында ол Президенттік жастар кадр резервінде бірінші орын алды. Ал мектепте оқыған жылдары жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың және математика бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының жүлдегері болды.

Ренаттың сыныптастары да үлкен жетістіктерге жетіп, ұстаздарын ризашылықпен еске алатынын айтады.

«Мен ұстаздарыма өте ризамын. Маған ғана емес, бүкіл сыныпқа әсер еткен мұғалім – біздің сынып жетекшіміз Тоқан Төлеуқызы Бертісова. Бетке ұстар педагог математика пәнінің мұғалімі болған. Бізге берген тәрбиесі үшін бұл адамның өмірімізде алатын орны. Сыныптастарымызбен бір отбасы сияқты болдық, 20 жыл өтсе де әлі күнге дейін араласамыз. Біз достығымызды сақтап қалдық, сол үшін ұстазымызға ризамыз. Ол кісі ата-аналарымызбен тығыз байланыста болды. Әрдайым ескертулер жасап, бағалап отыратын. Баланы тәрбиелеу - бұл педагогтер мен ата-аналардың ортақ еңбегі, олар бір бағытта жұмыс істеуі керек», - дейді Ренат Бектұров.



Соңғы жаңалықтар