+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

Президенттік кадр резервінің өкілі Қарағанды облысында аудан әкімінің орынбасары болып тағайындалды

2020 жылғы 27 қаңтар 20:24
Бөлісіңіз:
Президенттік кадр резервінің өкілі Қарағанды облысында аудан әкімінің орынбасары болып тағайындалды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарқаралы ауданында әкімнің жаңа орынбасары тағайындалды. Бұл қызметті Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеуден өткен Дидар Қабаев атқаратын болады. 31 жасар жаңа орынбасар осы ауданның тумасы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Асхат Оралов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды Қазақстандағы апта ішіндегі кадрлық тағайындаулар Болат Төкежанов Медициналық сақтандыру қорының басшысы болып тағайындалды

Дидар Қабаев ҚарМТУ мен Алматы Экономика және статистика академиясын бітірген. Еңбек жолын 2013 жылы Қарағанды қаласы әкімінің аппаратында инспектор қызметінен бастады.

2013-тен 2016 жылға дейін«Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ автомобиль жолдары секторының алдымен міндетін атқарушы, сонан соң бас маманы қызметін атқарған.

2016-дан 2018 жылға дейін «Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ автомобиль жолдары секторының меңгерушісі болған.

2018 жылдың қараша айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Абай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы болып жұмыс істеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды жастар үшін ашық және тиімді әлеуметтік лифт ретінде кадр резервін құру туралы ойды ортаға салған болатын.

Бұл неғұрлым даярланған және тәжірибелі жастарға мемлекеттік басқару және квазимемлекеттік сектор жүйесінде басшылық қызметтер атқаруға мүмкіндік береді. Жоғары әкімшілік және саяси лауазымдарға бос орындар пайда болған кезде Президенттік Жастар кадрлық резерві резервшілерінің кандидатуралары қаралатын болады.

Іріктеуге барлығы 13 мыңнан астам жас қазақстандық қатысты. Қорытынды тізімге ұлттық комиссия 300 адамды іріктеп алды. Оның жетеуі Қарағанды облысының өкілдері.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Канат Токабаев
Канат Токабаев
954-059

MURAǴAT