Президенттік кадр резервінің мүшелері басшылық лауазымдарға тағайындалды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелері ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде басшылық лауазымдарға тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоға сілтеме жасап.

Халықаралық ынтымақтастық және инвестиция тарту департаментінің директоры қызметіне Манасов Берік Жамбылұлы тағайындалды.

Берік Манасов Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Қаржы және қаржы құқығы саласының маманы. Еңбек жолын 2005 жылы қаржы талдаушысы болып бастаған. 2007-2008 жылдары қаржы ұйымдарында, 2008-2013 жылдары «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-да түрлі лауазымдарды атқарды. 2013-2014 жылдары – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ бас менеджері, кейін Қазынашылық департаментінің директоры болды. 2018 жылдан бастап «ҚазАгрогарант» АҚ ішкі бақылау қызметінің бастығы.

Сондай-ақ, Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаментінің директоры болып Хатепова Назгүл Серікқалиқызы тағайындалды.

Назгүл Хатепова Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Ауыл шаруашылығы» мамандығы бойынша, сондай-ақ М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқық» мамандығы бойынша бітірген. Ағылшын тілін еркін меңгерген. Еңбек жолын 2012 жылы сарапшы лауазымынан бастап, Ауыл шаруашылығы министрлігінде түрлі лауазымдарда табысты жұмыс істеді.


Соңғы жаңалықтар