Президенттік кадр резервіне жастар 8 бағыт бойынша іріктеледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл жастар президенттік кадр резервіне 8 бағыт бойынша іріктеледі. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл олқылық емес. Яғни, бірінші резервті жинағанда салалар бойынша нақты талап қойылған жоқ. Демек, бірінші, екінші резервті әмбебап мамандарды көп жинадық. Енді үшінші резервте салалардың қажеттілігі бойынша іріктеу мәселесі тұр. Ол энергетика, білім беру, ІТ-мамандығы сынды салалардың мамандары болуы тиіс. Яғни, осы нақты 8 сала бойынша мемлекеттік органдардың қажеттілігіне мамандар іріктеледі», - деді ол агенттіктің кеңейтілген алқа отырысы аясында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, бірінші іріктеуде 300 адам, екіншісінде 50 адам іріктеп алынды. Олардың ішінде бүгінге дейін 258 адам жұмысқа орналасты. 23-і саяси мемлекеттік қызметте, 10-ы «А» корпусында лауазымды қызмет атқарады.

Бұған дейін Дархан Жазықбаев іріктелген жастар қандай жағдайда президенттік кадр резервінен шығарылатынын айтқан болатын.
Соңғы жаңалықтар