Президенттік кадр резервіне шын мәнінде белсенді жастар жиналды – Ерлан Қарин

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президенттік кадрлық резерв мүшелерін жұмысқа орналастыру ғана емес, өзара сапаландыру да маңызды. Бұл пікірді ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин Президенттік жастар кадрлық резерві форумында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, бүгінгі форум резервшілердің бастамасымен ұйымдастырылған.

«Бүгінгі кездесу – біздің жас әріптестеріміздің ұйымдастырушылық күш-жігерінің нәтижесі, бұл Президенттік кадр резервіне шын мәнінде белсенді жастар жиналғанын тағы да дәлелдейді. Президенттік кадрлық резерв белсенді дамып келеді. Кадр резервінің ішінде де деңгейлес байланыстардың дамып жатқаны мені қатты қуантады. Әрдайым резервтің ішінде талқылаулар, пікірталастар бар екенін көремін. Біздің жас әріптестер үнемі кездеседі, бастамалар көтереді», - деп атап өтті Е. Қарин елордада ЭКСПО кешенінде өтіп жатқан форумда.

Президент көмекшісі соңғы уақытта резервшілер тарапынан түрлі талдамалық материалдар, ұсынымдар түсе бастағанын баса айтты.

«Бұл резервистердің ұйымдастырушылық әлеуеті де, зияткерлік әлеуеті де зор екенін тағы да көрсетеді. Біздің міндетіміз – тек жұмысқа орналастыру ғана емес, біз үшін ең бастысы, өзара сапаландырудың тұрақты процесі болуы тиіс», - деді Ерлан Қарин.

Бұған дейін Ерлан Қарин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кадрлық резерв мүшелеріне құттықтау хатын оқып берді.



Соңғы жаңалықтар