Президенттік кадр резервіне Алматы облысынан 156 адам өтініш білдірген

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысынан Президенттік жастар кадрлық резервіне 156 адам өтініш білдірген. Олардың тек алтауы ғана сынақтың алғашқы кезеңінен сүрінбей өткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кадрлық резервке өтініш білдірген алты азаматтың төртеуі мемлекеттік қызметкер. Бір азамат кәсіпкер болса, тағы бір азамат І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқытушысы. Алматы облысы әкімдігінде бас инспектор болып қызмет ететін Бақтияр Көшкінов президенттік кадрлық резервке кіруге ниет білдірген жандардың бірі.

«Болашақ» бағдарламасының түлегі бұл жобаға қойылған талаптар өте қатаң және сынақтары да өте қиын екенін айтады. Алғашқы үш емтиханнан сүрінбей өткен мемлекеттік қызметші ендігі сынақтарға қызу дайындалып жатыр.

Бас инспектор: «Мемлекеттік қызметте жүрген әр қызметкер өзін Нұр-Сұлтан қаласында, Үкімет үйінде, Ақордада жұмыс істеп жатқанын елестету керек. Егерде ол олай елестетпейтін болса, ол мемлекеттік қызметте өспейтін де шығар» деген пікірде.

«Ал осы мақсаттардың орындалуына мемлекет барлық мүмкіндік беріп отыр. Оқимын десең шет елге барып «Болашақ» бағдарламасымен оқып кел. Ал мемлекеттік қызмет баспалдағымен жоғарылағың келсе Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттік жастар кадрлық резервінде өзіңді сынап көруге мүмкіндік бар», - дейді жас маман.

Соңғы жаңалықтар