Президенттік кадр резерві: 10 адам ҰЭМ-де басшылық қызмет етеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Президенттік жастар кадр резервінің өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведмоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде Руслан Дәленов кадрлық резервтің мақсаты жастар үшін айқын әлеуметтік саты құру екеніне назар аударды. Резервтегілердің экономиканың түрлі салаларында едәуір жұмыс тәжірибесі барлығын атап көрсетті. Олардың көбі экономиканың түрлі салаларындағы ірі шетелдік және трансұлттық компанияларда жұмыс істеуде немесе істеген.

«Кадрлық резервпен жұмыс істей келе, біз олардың ішінен орталық аппараттың департамент директоры мен директордың орынбасары тәрізді министрліктегі басшылық қызметке, сондай-ақ квазисектордағы басшылық лауазымдарға 10 маманды тағайындадық», - деді министр.

Резервтегілер ашық диалог барысында еліміздегі өзекті экономикалық мәселелерге қатысты өз пайымдарымен бөлісті. Ол мәселелердің қатарында кәсіпкерлікті, МЖӘ-ні, бюджеттің 4 деңгейін, Ақтөбе облысының инвестициялық тартымдылығын, моноқалаларды дамыту бар.

Өз кезегінде, Руслан Дәленов талантты жастармен одан арғы пікір алмасу және маңызды тақырыптарды талқылау үшін «ҚР ҰЭМ резервшілерінің күнін» белгілеу идеясын ортаға салды.

«Сіздерге Мемлекет басшысының зор сенімін ақтап, өз таланттарыңызды танытуға және білімдеріңізді Отанымыздың игілігі жолына арнауларыңызға тілектеспін», - деді ол.

Резервшілердің қатарына 106 жеке сектор өкілі, 98 квазимемлекеттік сала қызметкері мен 96 мемлекеттік қызметші еніп отыр. Үміткерлердің 58 пайызы шетелде білім алса, 42 пайызы қазақстандық жоғары оқу орындарының түлектері. 6 адам ғылым докторы болса, 204 адам магистр дәрежесіне ие.




Соңғы жаңалықтар