Президентті ұлықтау рәсіміне кімдер шақырылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Президентті ұлықтау рәсіміне шетел өкілі ретінде кімдер шақырылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін ҚР Орталық сайлау комиссиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 26 қарашада Қазақстан халқына ант беретіні хабарланды.

«Инаугурацияға қабылдаушы елде тіркелген дипломатиялық корпус, яғни елшілер шақырылады. Дәл осындай тәртіп 2019 жылы өткен инаугурацияда болған еді», - деді Сыртқы істер министрінің орынбасары Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Айта кетейік, жақында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Президентті ұлықтау рәсіміне бюджет қаражатын бөлу туралы сұрақтарға жауап берді.

«Президентті ұлықтауға бюджеттен қосымша қаражат бөлген жоқпыз. Өздеріңіз білетіндей, ұлықтау – Президенттің ресми түрде Конституциялық заң бойынша лауазымға өтуіне байланысты ант беруі. Оған көп қаражат кетеді деп ойлаймын. Сондықтан, оған біздің тарапымыздан көп қаражат бөлінбейді», - деді Е. Жамаубаев.


Соңғы жаңалықтар