Президентті ұлықтау рәсіміне бюджеттен қаржы бөлген жоқпыз – министр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Президентті ұлықтау рәсіміне бюджет қаражатын бөлу туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президентті ұлықтауға бюджеттен қосымша қаражат бөлген жоқпыз. Өздеріңіз білетіндей, ұлықтау – Президенттің ресми түрде Конституциялық заң бойынша лауазымға өтуіне байланысты ант беруі. Оған көп қаражат кетеді деп ойлаймын. Сондықтан, оған біздің тарапымыздан көп қаражат бөлінбейді», - деді Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 26 қарашада Қазақстан халқына ант береді.

20 қарашада елімізде кезектен тыс президент сайлау өтті. Барлық өңірде 10 033 учаске жұмыс істеді. Ал шет мемлекеттердегі Қазақстан өкілдіктері жанында 68 учаске құрылған.

Еліміздегі бүкіл сайлаушылардың 69 пайызы немесе 8 млн 282 мыңнан астам адам өз таңдауын жасады.

20 қарашада өткен кезектен тыс сайлау барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа 6 млн 456 мың 392 сайлаушы немесе олардың 81,31 пайызы дауыс берді.


Соңғы жаңалықтар