ПРЕЗИДЕНТТЕН ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНЕ: Туған күніммен тұспа-тұс келген Елбасы құттықтауына ризамын - М.Панченко, БҚО

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Биыл, міне, жыл соңында 88 жастың биігіне шығып отырмын. Туған күніммен тұспа-тұс келген Елбасы құттықтауы мен жаңажылдық сыйлығына ризашылығымды жеткізгім келеді. Бұл туралы Ақсай қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Михаил Панченко мәлім етті.

«Президентіміздің атынан мені Бөрлі ауданының әкімі Марат Түсіпқалиев құттықтап, мықты денсаулық, отбасы амандығын, Жеңістің 70 жылдығын елмен бірге қарсы алуды тіледі. Туған күніме орай теледидар тарту етті. Әңгіме алған, бергенде емес. Бәрінен бұрын Елбасымыздың майдангерлерге деген ыстық ықыласын айтсаңшы. Мемлекет басшысының құттықтауын біздің аудан ғана емес, барлық жердегі майдангерлер алғанын естіп, біліп жатырмыз. Қатарымыз күн санап сиреп бара жатыр. Осындайда бірауыз сөздің өзі жан семіртеді, кәрі көңілімізге қанат бітіргендей болады», деді М.Панченко.

Соңғы жаңалықтар