Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.71 eur/kzt 467.03

    rub/kzt 8.36 cny/kzt 67.1
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: +2+4℃
  Jańalyqtar  >

Президентке ТМД-дағы бір ғана дана компьютерлік томография таныстырылды

2022 жылғы 15 тамыз 17:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ядролық медицина орталығы жетекшісінің міндетін атқарушы Айгүл Садуақасова ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жаңа медициналық аппараттың мүмкіндіктері туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл бірегей компьютерлік томография саналады. Өйткені, бұл аппарат Қазақстанда, Орталық Азияда және ТМД кеңістігінде бір дана ғана. Бұл ядролық медицина индустриясының инновациялық машинасы саналады. Оның атап өтерлік ерекшелігі пациентті сканерлеу жылдамдығын арттыратын цифрлық технология орнатылған. Сурет сапасын жақсартып, сәуле жүктемесі төмендетілген. Бұл орталықтың пациенттерді қабылдау жүктемесін екі есе арттырады. Аппарат ПЭТ/КТ зерттеулерінен тұрады», деді Айгүл Садуақасова.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президентінің Іс Басқармасы Медициналық oрталығының ауруханасына барып, жаңа нысандары – Ядролық медицина орталығы мен емдік-диагностикалық блокпен танысқанын хабарлаған едік.


Фото: akorda.kz




Автор:

Марлан Жиембай

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары