Президентке конституциялық реформаларға қатысты заң шығару жұмыстары жөнінде баяндалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады.Мәжіліс спикері Президентке конституциялық реформаларды одан әрі жүзеге асыруға қатысты алдағы заң шығару жұмыстары жөнінде баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Парламенттің төменгі палатасының төрағасы Мемлекет басшысына Мәжіліс депутаттары мен «AMANAT» партиясының мүшелері референдумның мән-маңызын түсіндіру науқаны барысында азаматтардан 20 мыңнан астам өтініш жинағанын айтты. Үкіметпен бірлесе отырып, қазақстандықтардың барлық ұсынысы мен көтерген мәселелері пысықталады және заң шығару жұмысы кезінде ескеріледі.

Ерлан Қошанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан делегациясының 6 маусымда Ереванда өткен ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы кеңесінің көшпелі отырысына қатысқаны жөнінде айтты.

Парламенттік Ассамблея халықаралық және аймақтық деңгейде қауіпсіздік мәселесін шешу үшін БҰҰ аясында ҰҚШҰ бітімгерлік әлеуетінің дамуы талқыланды.


Соңғы жаңалықтар