+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Президентке Каспий теңізі жағалауындағы туристік кластерді дамытуға арналған жобалар таныстырылды

2021 жылғы 22 қыркүйек 20:16
Бөлісіңіз:
Президентке Каспий теңізі жағалауындағы туристік кластерді дамытуға арналған жобалар таныстырылды

НҰР-СҰЛТАН: ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында өңірдің туристік әлеуетімен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Жапондық туристер Байқоңырдан ғарышқа ұшады Оқу жылы басталғалы 82 маңғыстаулық оқушыдан коронавирус табылды Маңғыстау облысында инфекциялық стационарлардың саны 2 есе қысқарды

Президент Rixos Water World Aktau қонақ үй кешенінің инфрақұрылымын, соның ішінде жуырда ашылған ойын-сауық паркін аралап көрді. Ақтау қаласының оңтүстігіндегі туристік аймақты дамытуға арналған инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға баса мән берілді.

Атап айтқанда, инвесторлар Мемлекет басшысына гольф клубы, сауда орындары, виллалары мен апартаменттері бар халықаралық деңгейдегі қонақ үйдің құрылысы туралы айтты. Нысан биыл жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынылған инвестициялық жобаларға оң баға берді. Сонымен қатар туристік инфрақұрылымды кеңейтіп, жетілдірудің және туристер тартудың маңызды екенін атап өтіп, құрылыс барысын өз бақылауына алатынын мәлімдеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT