+7 (701) 759 90 19
USD 387.14 EUR 428.18
RUB 6.06 CNY 55.23
Jańalyqtar

Президентке хат жазған 10 жасар алматылық баланың арманы орындалды

2019 жылғы 8 қараша 21:06
Бөлісіңіз:
Президентке хат жазған 10 жасар алматылық баланың арманы орындалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Президентке хат жазған 10 жасар алматылық баланың арманын орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық ерекше дарынды бала Абзал Мырзаш 15 жасында университет бітірмек Түркістандық студенттер «WorldSkills Kazakhstan-2019» чемпионатында топ жарды Сарыағашта Халықаралық студенттер күніне орай  фестиваль өтті

Баланың шешесі Алма Серікқали бұл туралы Facebook парақшасында мәлімдеді.

«Асхат Қанатұлы осы асыл мінезімен көпке үлгі бола отырып, енді ғана буыны бекіп келе жатқан бала қыранның қанатының қатайып, биікке самғауына жол ашып, асқақ арманының жүзеге асуына ықпал жасап, таэкван-до спорт секциясына жазды. Бүгінгі білімнің биігінде осындай ел үшін ет жүрегі елжірей білетін мемлекет қайраткері тұрғанда кем-кетігіміз түзеліп, ерік-жігеріміз қайрала түсері анық. Біз Сізге сенеміз, Асхат Қанатұлы!», - деп жазды баланың анасы.

Оның айтуынша, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы баланың хатын оқып, Қазақстанның Білім және ғылым министрлігіне хатта көтерілген мәселелерді шешуді тапсырған.

«Сарабдал да, сабырлы, ақылды да, парасатты Қасым-Жомарт Кемелұлы баламның хатын ыждағаттылықпен оқып шығып, хатта көтерілген мәселелер бойынша Білім және ғылым министрлігіне жауап беруді тапсырды. Ел Президентінің қарапайымдылығы менің ана жүрегімді елжіретіп, оған деген шексіз құрметімді арттырды. Сондай-ақ, білімі мен біліктілігінің арқасында білім биігінің тұғырын бағындырған Білім және ғылым министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлы да «4 сынып оқушысының хаты» деп қарамай, үлкен азаматтық танытып, баламның хатына жауап жазуы оның жас та болса қайраткерлігін көрсетті», - дейді ол.

Бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов алматылық оқушы Нұрбақыт Ғалымжанның хатына жауап берген еді.

Айта кетейік, Алматы қаласы №138 гимназияның 4-сынып оқушысы Нұрбақыт Ғалымжан Президентке хат жазған болатын. Онда Нұрбақыт каникулдың аздығын және кейбір пәндердің қызық еместігін сынаған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Нұрлан Тұяқов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT