Президент жүлдесін «Хабар» арнасы жеңіп алды – журналистер арасындағы шағын футбол

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Астана-Аренада» Президент жүлдесі үшін журналистер арасындағы шағын футболдан өткен турнирдің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетсек, бүгін «Астана-Аренада» журналистер Президент жүлдесі үшін шағын футболдан өзара мықтыны анықтаған болатын. БАҚ өкілдері арасында Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін шағын футболдан республикалық турнир Конституциясы күніне орай ұйымдастырылған. Турнирдің мақсаты – БАҚ қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, әріптестік және достық қарым-қатынасты нығайту болып отыр.

Шағын футболдан өтіп жатқан турнирге Ақмешіт, Жетісу ТДК, НГС, Баспасөз Президент, Еуразия ОРТ, ҚазСпорт, Хабар24, Қазақньюс, Қызылжар, Қазмедиа, Спорт 59, Өскемен, Тараз, Хабар, Түркістан, Айқын Литер, Егемен Қазақстан, Ел Арна, Шымкент, Атамекен, Қазақ радиолары, QSport, Елорда Ақпарат, Апорт, Орал сынды командалар қатысты.

Тартысты ойында «Хабар» арнасы жеңімпаз атанса, екінші орынды «Qazsport» иеленді. Үшінші орын «Хабар 24» командасына бұйырды. 1-орын иегерлеріне 1,5 млн теңге, 2 орынға 700 мың теңге, 3 орынға 300 мың теңге берілді. Сонымен қатар, үздік ойыншылар 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталды.



Соңғы жаңалықтар