Президент Жолдауында қазақ тілінің аясын кеңейтетін жолды атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Жолдауында қазақ тілін шын мәнінде ұлтаралық тілге айналдыруға мүмкіндік беріліп отыр.

Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақынның айтуынша, мемлекеттік тілді ұлтаралық тілге айналдыру туралы ұсыныс қазақ тілінің тынысын кеңейтпек.

«Жолдаудағы тағы бір көкейге қонған мәселе – мемлекеттік тіл мәселесі. «Қазақ тілі ұлтаралық тілге айналу керек», - деді. Бұрын-соңды мемлекет басшысының деңгейінде мұндай сөз айтылмаған еді. Осы сөз қазақ тіліне, оны ана тілі санайтын бізге үлкен мүмкіндік туғызып отыр. Мемлекеттік тіліміздің қолдану аясын кеңейту үшін күресеміз деп жүрміз ғой. Ендеше, оны ұлтаралық тілге айналдырыңдар деп, қолай туғызып отыр. Бұл жерде Президент жөн сілтеді. Ал оны іске асыру тетіктері тілдерді дамытуға, мемлекеттік емес ұйымдарға бөлінетін қаржы есебінен іске асуы тиіс. Солардың аясында жақсы жобалар жасап, қазақ тілін шын мәнінде ұлтаралық тілге айналдыру мүмкіндігі беріліп отыр. Соны дұрыс пайдалану керек, - деді Жазушылар одағыны басшысы.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келгенін айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар