Президент Жолдауы жаңа Қазақстанды құруға бағытталған – Өзбекстан Елшісі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақастан Президентінің Жолдауы елді әрі қарай дамытуға бағытталған. Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл Жолдау тарихи жолдау екенін ерекше атап өткім келеді. Ол Қазақстанның одан әрі дамуына бағытталған және реформалардың барлық бағыттарын – саяси, сондай-ақ сайлау жүйесі, сот-құқықтық жүйе, ел өңірлерін дамыту бағыттарын қамтиды. Сонымен бірге, ол Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық тарихында жинақталған тәжірибені ескереді және жаңа Қазақстанды-неғұрлым дамыған Қазақстанды құруға бағытталған және ол үшін бүкіл база бар», – дейді Саидикрам Ниязходжаев.

Дипломат Жолдауда белгіленген реформаларды жүзеге асыру үшін уақыт қажет екенін айтады.

«Ашығын айтқанда, ол бір жылдан артық уақытты талап етеді. Бұл бірнеше жылға есептелген және Қазақстанның саяси, экономикалық өмірінде басталған реформалардың дәйектілігін көрсетеді. ҚР Президенті өзінің алғашқы және екінші Жолдауында міндеттерді бөлісу туралы айтқан болатын. Депутаттарға, Мәжіліс өкілдеріне қосымша өкілеттік беріледі. Парламентте өзгерістер болады. Бұл реформалардың бәрі ҚР Конституциясына 30-ға жуық толықтыру мен өзгеріс енгізуді қажет етеді. Заңнамалық актілерге енгізілетін басқа өзгерістер және бар. Жолдауда көпшілікпен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлінгені қуантады. Яғни, бұл - «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты бойынша басталған реформалардың жалғасы», - деп толықтырды Саидикрам Ниязходжаев.


Соңғы жаңалықтар