Президент Жолдауы көптеген елдерге үлгі бола алады - К.Вальтер

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы көптеген елдерге үлгі бола алатын біртұтас кешенді бағдарламалық құжат деп бағалаймыз.
Бұл туралы Елбасы Жолдауына орай өз пікірін білдірген Pappenburg International құрылыс компаниясының (Германия) басқарушы директоры Кристиан Вальтер айтты.
«Ел арасында да, одан тысқары жерлерде де зор құрметке ие Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауымен шынайы тәнті болып танысып өттім. Біздің ойымызша, басқа көптеген елдер үшін үлгі бола алатын Президенттің бірегей бағдарламасы кешенді әрі біртұтас құжат деп санаймыз», - деді К. Вальтер.
«Өз тарапымнан мынаны қоса айтып өткім келеді - Папенбург фирмасы көптеген жылдар бойы Қазақстанның әріптесі болып келеді. Біз компанияның Қазақстанда түрлі жобаларын іске асыру арқылы оның дамуына өз үлесін қосқанын мақтаныш етеміз. Әсіресе, Астана мен Бурабай арасындағы 100 шақырымдық автобанның құрылысын ерекше атап өткім келеді», - деп атап көрсетті ол.
К. Вальтер Папенбург компаниясы болашақта Президент бағдарламасын іске асыру кезінде елдің одан әрі дамуы үшін білімі мен тәжірибесін жұмсауды өзіне көрсетілген құрмет деп қабылдайтынын білдірді.
- Қазақстанда 2021 жылы 6 мың шақырым жол салынады
- Амстердамда 100-ден астам адам рұқсат етілмеген наразылық акциясында ұсталды
- Еуропаны қалың қар басты
- Қазақстанда 18 қаңтардан бастап ескірген ауыл шаруашылығы техникалары утилизацияға қабылданады
-
Қазақстандық аккумуляторлар ТМД елдерімен қатар тағы 4 мемлекетке экспортталады
-
2020 жылдың 11 айында Қазақстанда 430 мың тоннадан астам ет өндірілді – ҚР АШМ
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам