Президент Жолдауы: 4,8 млн қаржылық қызмет электронды нұсқада көрсетілген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында Президенттің 2020 жылғы Жолдауында айтылған бірқатар тапсырманың қалай орындалғаны туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы 2020 жылғы Жолдауында электронды сервистердің қолданылу аясын кеңейтуді тапсырған болатын.

«Халыққа электронды сервистерді қолдануды ыңғайлы ету үшін мемлекеттік қызмет көрсету ісінде де, бизнесте де биометрияны кеңінен пайдаланған жөн», - деп жазылған Жолдауда.

Берік Уәли келтірген деректерге сүйенсек, 2020 жылғы 1 қазаннан бастап қаржы ұйымдарының клиенттерін қашықтан биметриялық сәйкестендіру механизмі іске қосылған. Содан бері 4,8 милионнан астам қаржылық қызмет электронды нұсқада көрсетілген.

Осының арқасында салада жаңа сервситер енгізіліп, қаржы институтына бармай-ақ, банк шоттарын ашуға мүмкіндік туған.

Бүгінде банк саласында кез келген қаржылық қызмет түрі электронды түрде көрсетіледі. Соның ішінде онлайн несие нарығы дамып келеді. Ал шалғай елді мекендердегі тұрғындарға көрестілетін қаржылық қызметтің қолжетімділігі артқан.


Соңғы жаңалықтар