Президент Жоғары аудиторлық палата құруға қатысты тапсырма берді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық қордан бөлінген мақсатты трансферттердің пайдаланылуы бойынша жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындысы жөнінде есеп берілді.

Аталған аудит аясында жалпы құны 290 миллиард теңге болатын 20 нысан қамтылды.

Сондай-ақ Ұлттық қордан әртүрлі бағытқа бөлінген 2,2 триллион теңге қаржының жұмсалуына талдау жасалған.

Президент Есеп комитетін Жоғары аудиторлық палата ретінде қайта құру мәселелеріне қатысты тапсырма берді.


Соңғы жаңалықтар