Президент жоғары әскери оқу орындарының үздік түлектеріне офицерлік шен тапсырды

None
Фото: akorda.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысып, жоғары әскери оқу орындарының үздік түлектеріне офицерлік шен тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Салтанатты рәсім барысында жоғары әскери оқу орындарының 12 үздік түлегі Қазақстан Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының қолынан офицерлік шен алды.

ҚР ҚМ Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты:

1) Есенбаев Мирас Сүлейманұлы

2) Әшім Ақыл Ермұратұлы

ҚР ҚМ Құрлық әскерлері әскери институты:

3) Аманалы Айдәулет Медетұлы

4) Саткеев Әділ Марғұланұлы

ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясы:

5) Бекболатов Ержан Бекболатұлы

6) Бірлік Бауыржан Жанатбекұлы

ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы:

7) Темірбеков Самат Талғатұлы

8) Бақтиярова Дана Асланқызы

ҚР Ұлттық ұлан академиясы:

9) Тілеген Өмір Русланұлы

10) Керімбеков Ерболат Сұлтанұлы

ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы:

11) Полатов Ербағлан Еркінұлы

12) Бакирамов Дихан Нұрланұлы


Соңғы жаңалықтар