Президент жетінші сайланған Парламенттің үшінші сессиясын ашық деп жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші сайланған Парламенттің үшінші сессиясын ашық деп жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабына сәйкес, 7-шақырылымдағы Парламенттің үшінші сессиясын ашық деп жариялаймын», - деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында.

Атап айтқанда, дәл қазір Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр.

Бірлескен отырысқа Мәжілістің 107 депутатының 100-і және Сенаттың 55 депутатының 50-і қатысып отыр.

Мемлекет басшысының Жолдауы республикалық барлық телеарнадан тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.




Фото:t.me/bort_01









Соңғы жаңалықтар