Президент жердің ғарыштық мониторингі бойынша жобаны жүргізуді тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы жерлерін ғарыштан бақылау бойынша тапсырмалар берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоғамдастық, оның ішінде Ұлттық комиссия мүшелері пайдаланылмай жатқан және тиімсіз игеріліп жатқан жерлерді анықтау мен қайтару үшін ғарыштық мониторингке көшу қажеттігін атап өтті. Қазан айында агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша Заңға қол қойдым. Онда жерді қашықтықтан зондтау қадамдары ескерілген. Нақты заңнамалық негіз - ол бірінші қадам», - деп тоқталды Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 2-отырысында

Осы орайда Президент енді жерді пайдалану шартын бұзу үшін негіз ретінде ғарыштан түсірілген бейнелерді пайдалану мүмкіндігін пысықтау қажеттігін атап өтті.

«Менің тапсырмам бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі тиісті бұйрықты даярлады. Сонымен бірге, аталған жұмыс барлық тәуекелдерді ескере отырып жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы министрлігі Цифрлық даму министрлігімен бірге барлық дайындық жұмыстарын аяқтап, 2020 жылдың 1 мамырына дейін бірқатар облыстарда жердің ғарыштық мониторингі бойынша қанатқақты жобаны жүргізуі тиіс», - деді Қ. Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар