+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Президент: Жер шетелдіктерге сатылмайды - бұл мәселеге енді оралмаймыз

2020 жылғы 10 шілде 13:34
Бөлісіңіз:
Президент: Жер шетелдіктерге сатылмайды - бұл мәселеге енді оралмаймыз

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы уақытқа дейін 12,8 млн гектар игерілмеген жердің 7 млн гектары мемлекетке қайтарылғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Игерілмеген және тиімсіз игерілген жерлерді анықтап, оны алып қою мақсатымен ғарыштан мониторинг жасауды заңнамалық тұрғыдан бекіттік. Түгендеу барысында анықталған 12,8 млн гектар игерілмеген жердің 7 млн гектары мемлекетке қайтарылды. Жерді алдың ба, оны игеру керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторий аяқталатынын айтты.

«Осыған байланысты бұл мәселе жөнінде түпкілікті шешім қабылдауымыз керек. Негізгі мәселені айқындап алдық. Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл мәселеге енді оралмаймыз», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT