Президент жазушы Шерхан Мұртазаның ескерткішіне гүл шоғын қойды

None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы ескерткіштің жанында жергілікті зиялы қауым өкілдерімен жүздесіп, белгілі қаламгердің ұлт руханиятын дамытуға зор үлес қосқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.


– Шерағаң – халқымыздың біртуар азаматы, заңғар жазушы десек артық айтқандық емес. Жас кезімізден бастап біз бәріміз оның «Қызыл жебе» романын, басқа да шығармаларын оқыдық. Әсіресе, «Бір кем дүние» туындысы әлі күнге дейін өзекті. Халқымызға, әсіресе, жастарға рухани азық болған дүние деп айтуға болады. Сондықтан жазушының ескерткішіне арнайы келіп, тағзым етіп отырмыз, – деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы өңірдің зиялы қауым өкілдерімен әңгімелесті.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Жамбыл облысында жүр.



Фото: akorda.kz


Соңғы жаңалықтар