Президент: Жайық өзені қатты суалып, экологиялық ахуалы нашарлап барады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Су ресурстарын сақтау және тиімді пайдалану – аса маңызды міндет. Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.

«Су ресурстарын сақтау және тиімді пайдалану – аса маңызды міндет. Бұл – ұлттық қауіпсіздік пен орнықты дамуды қамтамасыз ету мәселесі. Менің тапсырмам бойынша Су ресурстарын басқарудың ұлттық жобасы дайындалды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Жайық өзенінің қатты суалып бара жатқанына алаңдаушылық білдірді.

«Қазір Жайық өзені қатты суалып, экологиялық ахуалы күрт нашарлап барады. Былтырғы желтоқсанда Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының 2024 жылға дейінгі бағдарламасы қабылданды. Бұл құжаттың негізгі мақсаты – Жайық өзені аңғарының экожүйесін сақтау», деді Президент.


Соңғы жаңалықтар