Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Президент: Жастарға баспана қолжетімді болуы тиіс

2019 жылғы 15 шілде 15:30 480
Бөлісіңіз:
Президент: Жастарға баспана қолжетімді болуы тиіс

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Жастар жылының» игілігін ең алдымен жастардың өздері көруі керек. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда  «Орталық - Азия жастар фестивалі» басталды Jastar kerýeni: Қазақстан жастары ел аралап, әлеуметтік мәселелерге үн қоспақ Қарағанды облысында жастар туристік слеті өтті

«Елбасы осы жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Жастармен қоғамдық-идеологиялық жұмыс жүргізу – өте маңызды міндет. Себебі жастар біздің болашағымыз. Сондықтан «Жастар жылының» игілігін ең алдымен жастардың өздері көруі керек», - деп тоқталды Мемлекет басшысы.

Олсы орайда Президент жастарға баспана қолжетімді болуы тиіс екенін қадап айтты.

«Олардың жолы болуы керек. Жақсы сапалы өмір сүру үшін мүмкіндіктер туғызуымыз қажет. Міне, Үкіметтің бастамалары ең алдымен осы міндеттерді назарға алуы тиіс. Бірақ мынаны ұмытпауымыз керек, ең басты міндет – «дайын асқа тік қасық» дегендей, жастарға бақытты өмірді жасап беру емес, оларға өз бақыттарын өздері тауып, мақсаттарына жетуге жағдай жасау өте маңызды. Келесі жыл «Жастар жылының» жалғасы ретінде «Волонтерлер жылы» болады. Жастарымызды белсенді волонтерлік жұмысқа тарту қажет. Бірақ олар бұл жұмысқа тек кредиттер мен оқудағы жеңілдіктер үшін емес, өздерінің жүрек қалауымен әрі шынайы ниетімен келуі тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT