+7 (701) 759 90 19
USD 377.86 EUR 418.74
RUB 6.10 CNY 54.50
Jańalyqtar

Президент жастар мен әжелерге қатысты қалжың айтты

2016 жылғы 1 желтоқсан 12:04
Бөлісіңіз:
Президент жастар мен әжелерге қатысты қалжың айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Республикалық жастары форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастар мен әжелерге қатысты қалжың айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сендердің араларыңда қазірдің өзінде ақылы мен білімі Отанымызға зор пайда әкеліп жатқан балалар аз емес. Маған «қазіргі жастар бұрынғыдай емес» деген кезде: «әжелер де бұрынғыдай емес қой, шұлық тоқымайды, бәліш пісірмейді», деп айтамын. Алайда, интернетті жақсы біледі. Әрине, бұл қалжың. Бірақ, іс жүзінде солай болып отыр», - деді Назарбаев.

Елбасы бүгінгі жастар қазіргі заманға, заманауи өмірге сай келетіндігін атап өтті.

«Уақыт өте жылдам өтеді. Біз өте жылдам өзгереміз. Есімі ұлы Рим императоры Аврелияның мына бір сөзі есіме түсіп отыр. Ол: «10 мың жыл өмірің бардай өмір сүрме. Өмір қысқа, тірі кезіңде, мүмкіншілігің барда жақсы болуға тырыс», дейді. Жақсы сөз», - деді Қазақстан Президенті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT