Президент жарлығымен Бас прокуратураның құрылымы өзгерді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Бас прокуратурасының құрылымын өзгерту туралы Президент Жарлығына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарлықта жазылғандай, енді ҚР Бас прокуратурасының құрылымы мынадай болмақ:

- Басшылық;

- Аппарат;

- Cотқа дейінгі тергеп-тексерудің және қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау қызметі (жаңа қызмет);

- Заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметі;

- Қоғамдық мүддені қорғау қызметі;

- Cотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметі (жаңа қызмет);

- Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметі;

- Кадрлық жұмыс департаменті (бұрынғы кадрларды дамыту департаменті);

- Өзіндік қауіпсіздік департаменті (бұрынғы ішкі тергеу департаменті);

- Стратегиялық даму департаменті;

- Жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау департаменті;

- Норма шығармашылық қызметін үйлестіру департаменті;

- Жолданымдармен жұмыс және іс жүргізу департаменті;

- Қаржы департаменті;

- Мемлекеттік құпияны қорғау басқармасы;

- Ішкі аудит басқармасы;

- Ақпараттық қауіпсіздік басқармасы.

Ведомство құрамынан арнайы прокурорлар және қылмыстық қудалау қызметтері алынып тасталған.

Құжатта көрсетілгендей, жарлық қол қойған күннен, яғни 23 мамырдан бастап күшіне енді.


Соңғы жаңалықтар