Президент Жарлығымен Айгүл Құспан Елші қызметінен босатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Айгүл Сайфоллақызы Құспан Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің Басшысы қызметін қоса атқарудан босатылды. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Еске салайық, А.Құспан «Nur Otan» партиясынан Парламент Мәжілісіне депутат болды.

Елімізде Мәжіліске және жергілікті мәслихаттарға сайлау 10 қаңтар күні өтті.

Оның нәтижесінде Парламенттің төменгі палатасына депутаттық мандаттарға 3 партия ие болды: «Nur Otan» партиясы (76 мандат), Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы (12 мандат), Қазақстан Халық партиясына (10 мандат).

Сондай-ақ 9 депутат Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттық корпусы барлығы 107 адамнан тұрады.



Соңғы жаңалықтар