Президент Жарлығымен әскери қызметші Сәндібек Қайыров «Айбын» орденімен марапатталды
2022 жылғы 14 қаңтар 18:29

Президент Жарлығымен әскери қызметші Сәндібек Қайыров «Айбын» орденімен марапатталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қорғаныс министрлігі 32363 әскери бөлімі командирінің орынбасары (марқұм) Сәндібек Қайыров ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

«Әскери борышын атқару үстінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерлігі үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі 32363 әскери бөлімі командирінің орынбасары (жауынгерлік даярлық жөніндегі) Сәндібек Ғалимоллаұлы Қайыров ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталсын (марқұм)», делінген Жарлықта.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT