+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Президент Жарлығымен Алматы облысының үздік полицейлері марапатталды

2020 жылғы 7 қазан 04:46
Бөлісіңіз:
Президент Жарлығымен Алматы облысының үздік полицейлері марапатталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облыстық Полиция департаментінің қызметкерлеріне ҚР Конституциясының 25 жылдығына орай ел Президентінің арнайы марапаттары табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Марапаттарды ведомство бастығы Серік Күдебаев табыс етті.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз етуде, еліміздің тәуелсіздігін, Қазақстан қоғамында келісім мен тұрақтылықты нығайтуда, сондай-ақ азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауда қосқан елеулі үлесі үшін және ҚР Конституциясының 25 жылдығына орай Алматы облысы Полиция департаментінің ерекше көзге түскен қызметкерлері марапатталды», - деп атап өтті С.Күдебаев.

Атап айтқанда, мерейтойлық медальдарды келесі қызметкерлер алды:

- Мендебаев Данияр Әзілханұлы, Полиция департаменті бастығының орынбасары;

- Теряева Людмила Юрьевна, Полиция департаменті Штабының бастығы;

- Мұхамедов Қазбек Әділбекұлы, Полиция департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы;

- Кан Лариса Геннадьевна, Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы бөлімінің бастығы;

- Шарапиев Руслан Тұратбекұлы, Полиция департаменті Тергеу басқармасы бастығының орынбасары.

«Тәжірибелі полицейлер ел Президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың марапаттарына ие болды. Енді қызметкерлердің мундирі тағы бір «Қазақстан Конституциясына 25 жыл« мерейтойлық медалімен толықты. Бұл, біздің кәсіпқой қызметкерлеріміздің алдына жаңа міндеттер қояды және жас буын полицейлерді ынталандырады», - деп толықтырды генерал Күдебаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT