Президент Жарлығы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын қамтамасыз етуді кеңейтеді - сарапшы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президентінің адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы Жарлығы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын қамтамасыз етуге бағытталған қазіргі процестердің катализаторы болады. Бұл туралы Қ.Иманалиев атындағы Мүгедектердің құқықтары жөніндегі комиссия жетекшісі Вениамин Алаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, аталған Жарлыққа қол қоюды оңтайлы бағалап отырмын. Құжатқа мүгедектігі бар азаматтарға қатысты адам құқықтары енгізілгеніне қуаныштымын. Мұны мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған қазіргі порцестердің катализаторы болады деп үміттенемін. Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары әлі де бұзылып келеді, сондықтан біздің құқықтарымыз жайында белсенді түрде жарияланып отыр. Мүмкіндігі шектеулі белсенділер мен сарапшылар Мәжіліс, Сенат, Еңбек министрлігі жанындағы жұмыс топтарына шақыртылып келеді. Онда біздің өкілдер көптеген салмақты ұсыныстар енгізіп жатқанын көріп отырмыз», - деді Вениамин Алаев.

Оның айтуынша, қазіргі кезде БҰҰ-ның Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы конвенциясының нормаларына сәйкес болуы үшін еліміздің заңдарына тиісті түзетулер енгізу жалғасып жатыр. Онда мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын жақсартатын түзетулер ескерілген.

«Бұл процестің ілгеріліп, алға жылжығаны маңызды. Ең бастысы, осы заңдар орындалуы тиіс. БҰҰ-ның Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы конвенциясы 2015 жылы ратификацияланды. Көбісі мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірі бірден жақсарып кетеді деп ойлады, алайда бұл уақытты қажет ететін процесс екенін көріп отырмыз», - деді сарапшы.

«Атап айтқанда, Жарлық бұл бағыттағы процестерді аяқтауға қосымша сенімділік береді деп санаймын», - деді Қ.Иманалиев атындағы Мүгедектердің құқықтары жөніндегі комиссия жетекшісі Вениамин Алаев.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы Жарлыққа қол қойғаны хабарланды.



Соңғы жаңалықтар