+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Президент жариялаған мораторий аясында қандай қысқартулар жүреді

2020 жылғы 28 қаңтар 10:19
Бөлісіңіз:
Президент жариялаған мораторий аясында қандай қысқартулар жүреді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қолдау шаралары мен салық жеңілдіктері оңтайландырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Республикалық бюджеттің шығыстары 99,1% атқарылды – Қаржы министрлігі Әлемдік экономика Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең төмен құлдырауға тап болды Тель-Авивте экономикалық ынтымақтастық және коронавируспен күрес мәселесі талқыланды

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.

«...Тиімділік тұрғысынан мемлекеттік қолдау шаралары оңтайландырылады. Мемлекеттік органдар арасында қайталау болмауы керек. Әрбір субъект бойынша талдау жүргізіп, барлық мемлекеттік қолдау шараларын алушылар бойынша Қаржы министрлігі базасында бірыңғай ақпараттық жүйе құруды ұсынамыз», - деді министр Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, салық жеңілдіктері мен префренециялары бойынша бүгінде құны 4,5 трлн теңгенің 277 жеңілдігі бар.

«Жұмыс тобы құны 237 млрд теңгенің 13 жеңілдігін қысқарту алдын ала ұсынылды. Сарапшылардың кеңінен тарта отырып, барлық жеңілдіктерге қосымша талдау жүргіземіз. Министрлер мен әкімдер тиімсіз жеңілдіктерді қысқарту жөнінде өз ұсыныстарын Ұлттық экономика министрлігіне 1 ай мерзімінде ұсынуы қажет. Мемлекеттік бюджет шығыстарын және квазимемлекеттік сектор шығыстарын оңтайландыру бойынша қосымша жұмыстар жүргізіледі», - деді Ә. Смайылов.

Сондай-ақ, кейінге қалдыруға болатын шығыстарды анықтау қажет.

«Бұл үшін барлық минстрліктер, әкімдіктер, ұлттық холдингтер мен компаниялар Мемлекет басшысының мораторий жүргізу жөніндегі тапсырмасын және Есеп комитетінің ұсынымдарын ескере отырып, өздерінің ағымдағы жылға арналған барлық шығыстарына мұқият талдау жүрігізіп, оларды оңтайландыру жөнінде ұсыныстарын Қаржы министрлігіне енгізуі тиіс. Бірінші кезекте, Президент атап өткендей, бұл - имидждік шығыстар, конференциялар, семинарлар, зерттеулер, көлік, жиһаз және басқа да шығыстар», - дейді министр.

Министрліктер мен әкімдіктерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі мен корпоративтік басқарудың тәсілдерін енгізу өздерінің шығыстары мен бизнес процестерін оңтайландыру есебінен жүргізілуі керек.

«Құрылысқа арналған шығыстарды оңтайландыру мақсатында Ұлттық экономика министрлігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму миинстрлігімен бірлесіп, жобалардың бірыңғай банкін құру және Үлгілік жобаларды міндетті пайдалану бойынша бизнес-ахуалды жақсарту мақсатында дайындалған түзетулердің 8-пакеті шеңберінде заңнамаға өзгерістер енгізуді жеделдету қажет», - деді Әлихан Смайылов.

Еске сала кетсек, ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қымбат көлік сатып алу және форумдар өткізу шығыстарына мораторий жариялаған еді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT