Президент жәрдемақы алу үшін алаяқтыққа барғандарды қатаң жазалауды тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атаулы әлеуметтік көмектегі ағдай туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атаулы әлеуметтік көмек бойынша теріс пиғылды әрекеттер тұтас елге тарады. Өтірік ажырасу, жұмыстан шығу, өз мүлкін басқаға жазу арқылы табысын азайтып көрсету, малын сойып тастау деп кете береді. Жобаны тиімсіз жүзеге асыру халықтың кей бөлігінің масылдық күйге түсуіне әкеп соқты. Бұл – біздің шала жұмысымыз», - деді Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Осыған байланысты, Қасым-Жомарт Тоқаев шын мұқтаждарға ғана көмектесу үшін Үкіметтің нақты әрі ашық процедуралар орнатуы қажеттігін айтты.

«Атаулы көмек бөлуді қатаң бақылауға алып, кез келген алаяқтық пен жемқорлықты қатаң жазалау керек. Үкімет пен әкімдер мұндай фактілердің алдын алып, АӘК төлемдерін әкімшіліктендіруді ретке келтіруі тиіс. Көмек атаулы түрде көрсетілуі қажет», - деп атап өтті Қ. Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар