Президент жанындағы жастар саясаты кеңесінің жаңа құрамдағы алғашқы жиыны өтті

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Мемлекеттік хатшы Ерлан Қариннің төрағалығымен жаңартылған құрамдағы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеңестің жаңа құрамына қоғамдық белсенділер, жас ғалымдар мен кәсіпкерлер, өңірлер, ауыл және шығармашыл жастардың өкілдері, «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері, Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері, түрлі жастар ұйымдарының көшбасшылары кірді.

Өз сөзінде Ерлан Қарин Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі тезистеріне тоқталды.

Ол Президент жариялаған жаңа реформалар мемлекеттік құрылыстың кезекті кезеңі, Жаңа Қазақстанды құру мен жаңа бастамалардың бастауы екенін атап өтті.

Бұл реформалар азаматтар, әсіресе жастар тарапынан үлкен қолдауға ие болып жатыр.

Бұл тұрғыда кеңестің рөлі артады, өйткені оның мүшелері заң жобаларын, тұжырымдамаларды және басқа да стратегиялық құжаттарды талқылауға қатысады деп көзделген.

Қазіргі уақытта жастар саясаты туралы заң жобасы Парламент Мәжілісінде қаралып жатыр.

Е.Қарин Кеңес өкілдерін Мәжілістің жұмыс топтарының құрамына кіргізуді ұсынды.

Бұдан басқа, жастар саясаты жөніндегі кеңес жүйелі жұмыс істеуі үшін оның жанынан түрлі комитеттер құру жоспарланған.

Бұдан әрі отырыста ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов және «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Әзиз Ысқақов баяндама жасады.

Кездесу сұрақ-жауап форматында жалғасты, Кеңес мүшелері мемлекеттік органдардың басшыларына өз сауалдары мен ұсыныстарын жолдады.


Соңғы жаңалықтар