Президент жанындағы ҚСЗИ директоры жас сарапшылармен кездесті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов «Қазақстанның болашақ келбеті» жас сарапшыларды қолдау бағдарламасының қатысушыларымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде әлемде ең үлкен бәселестік ақша үшін емес, талантты, дарынды жастар үшін жүріп жатыр. Дарынды жастар үшін күресу керек екендігі де түсінікті. Біз мемлекеттің, Президент Әкімшілігінің көмегімен бірнеше жылдан бері сарапшылар мектебін ұйымдастырып келеміз. Ол жүйелі түрде жүргізіле береді деп сенемін. Өйткені, сараптама жазуға ғана үйретіп қоймай, 1 млн теңге сомасында гранттық көмек те көрсетеміз», - деді Еркін Тұқымов.

Бағдарлама қатысушысы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің PhD докторанты Әйгерім Бақтиярова ҚСЗИ-дің сарапшылар мектебіне келіп, білімін жетілдіріп жүргеніне 1 ай болғанын айтады.

«Осы бір айдың ішінде еліміздің білікті мамандарынан тәлім, дәріс алдық. Дағдымызды шыңдай түстік. Қазіргі уақытта Қазақстан үшін өзекті бірқатар бағытты топтап, зерттеу жүргізіп жатырмыз. Оның ішінде еліміздің әлеуметтік мәселелері, халықаралық қатынастардағы рөлі, имиджі сынды тақырыптар бар», - деді ол.

Кездесу барысында бағдарлама қатысушыларына білім беру хабының сертификаты табысталды. Іс-шараға Астана, Алматы. Тараз, Семей қалаларынан келген жас сарапшылар қатысты.


Фото: kisi.kz




Соңғы жаңалықтар