Президент жанындағы комиссия отырысында ҚР азаматтығы туралы мәселе қаралды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Президент жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

«Отырыста азаматтық туралы бірқатар мәселе қаралды. Сонымен қатар, комиссия қызметінің негізгі бағыттары бойынша тиісті мемлекеттік органдар атқарған жұмыстар жайындағы лауазымды тұлғалардың есебі тыңдалды.

Комиссия соңында тиісті шешімдер қабылданып, нақты ұсынымдар берілді», - делінген мәліметте.


Фото: akorda.kz

Соңғы жаңалықтар