Президент жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы өзгерді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

ҚР Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары, төраға (келісім бойынша) Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров енгізілді. Сондай-ақ комиссия құрамынан И.И.Рогов шығарылды.

Еске сала кетсек, Игорь Рогов Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия құрамына кірді.



Соңғы жаңалықтар