+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Президент жаңа үйлердің жанындағы қоқыстарға қатысты сын айтты

2017 жылғы 21 сәуір 14:21
Бөлісіңіз:
Президент жаңа үйлердің жанындағы қоқыстарға қатысты сын айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы құрылысы жаңа біткен нысандардың жанында тау болып үйілген қоқыстардың жиналмай жатқанына кейістік танытты, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

"Кейбір құрылыс компаниялары салынған үйлердің жанынан құрылыс қоқыстарын да шығармайды. Қалада толған қоқыс. Мұндай бұрын тіпті Әділбек Рыскелдіұлы кезінде де болған емес", - деді Президент ЭКСПО көрмесіне дайындық мәселелерін пысықтауға арналған отырыста .

Өз кезегінде Астана әкімі Әсет Исекешев қыстан соң, осындай қоқыстар көптеп анықталып жататындығын растады.

"Қазір заңнаманы өзгерту жөнінде ұсыныспен шығып жатырмыз. Себебі бұл бүгінде еш заңмен реттелмейді", - деп жауап берді Ә. Исекешев.

"Ол (құрылыс компаниясы - ред.) міндетті қоқыс жинауға. Тұрғын үй салды ма, маңайына жолдар салып, ағаш отырғызуы керек. Ал олар онымен айналыспақ түгілі, қоқысты да жинамайды. Себебі біз талап етпейміз. Айыппұл салып, соттау керек", - деді Президент.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT