Президент жаңа реформалар топтамасын ұсынды – Аида Балаева

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент жаңа реформалар топтамасын ұсынды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған ҚР Президенті Жолдауы аясындағы әлеуметтік басымдықтарды талқылауға арналған дөңгелек үстел отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шын мәнінде Президент мемлекет пен қоғамның ең өзекті проблемалары бойынша шешімдер кешенін топтастыратын жаңа реформалар жоспарын ұсынды. Бұл мәселелер көптеген адамды толғандырады. Олар айтылып та, талқыланып та жүр. Осылайша, әр адамның көкейінде жүр еді. Яғни, Президент Жолдауының мысалынан-ақ «еститін мемлекет» тұжырымдамасының қаншалықты тиімді жұмыс істейтіндігін көріп отырмыз», - деді ол Мемлекет басшысы Жолдауын талқылауға арналған онлайн дөңгелек үстел отырысында.

Министрдің айтуынша, ең алдымен Мемлекет басшысы 11 ірі блокқа бөле отырып, жалпымемлекеттік шаралардың негізгі бағыттарын айқындап берді. Олар: экономика, мемлекеттік басқару, аумақтық даму, цифрландыру, білім беру, денсаулық сақтау, экология, құқық қорғау жүйесі, әлеуметтік саясат, жаңа қоғамдық құндылықтар қалыптастыр және саяси реформалар тақырыбы.

«Бұл салалардың барлығында да үлкен жұмыстар тұрғандығы сөзсіз. Дегенмен, ең маңыздысы – бұл жұмыс коронавирус инфекциясы індеті жағдайында жүргізіледі. Бұл Президент Жолдауының идеялары мен негізгі ережелері төңірегіне қоғамның шоғырлануын талап етеді. Егер негізгі мәселелерге тоқталар болсақ, қоғамдық-саси салада өте байыпты бастамалар көтерілді. Ауыл әкімдерін тікелей сайлау жолымен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту немесе індет кезінде өзінің тиімділігін көрсеткен қоғамдық бақылауды сапалы жаңа деңгейге көтеру сынды бағыттарды атап өтім келеді. Құқық қорғау жүйесінде, жекелей алғанда адам құқығына қатысты мәселелер топтамасына ерекше назар аударылды. Бұған қоса, өңірлерді дамыту саласында өте маңызды қадам жасалды. Бұдан кейін елдің аумақтық дамуы өңір ерекшеліктеріне басымдық беріле отырып жүзеге асырылады», - деді Аида Балаева.


Соңғы жаңалықтар