+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Президент жаңа Қаржы министріне бірқатар нақты тапсырма берді

2020 жылғы 20 мамыр 17:08
Бөлісіңіз:
Президент жаңа Қаржы министріне бірқатар нақты тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Ерұлан Жамаубаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қаржы министрлігінің негізгі жұмыстары туралы есеп берді.

Атап айтқанда Қазақстан Президентіне республикалық бюджеттің орындалуы мен жоспарлануы, мемлекеттік сатып алулар мен қазынашылық қызмет көрсету ісінің жүзеге асырылуы, мемлекеттік аудит жүргізу, мемлекеттік активтерді басқару, салық және кеден салаларын әкімшілендіру, сондай-ақ, қаржылық құқық бұзушылықтарды анықтау жайында баяндалды.

Мемлекет басшысы көлеңкелі экономикаға қарсы күрес, салық көлемін өсіру, бюджеттік рәсімдерді оңтайландыру, көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің сапасын арттыру және қарыздық шектеулерді сақтау бағытында жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігін айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев салық және кеден салаларын әкімшілендіру, мемлекеттік сатып алу және бюджет үдерісіне қатысты заңнамаларды жетілдіру мәселелері бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Еске салсақ, 18 мамыр күні Ерұлан Жамаубаев ҚР Қаржы министрі болып тағайындалған еді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT