Президент жаңа экономикалық бағыттың 7 қағидатын атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында жаңа экономикалық бағыттың 7 қағидатын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұзаққа созылған мұнай суперциклі аяқталған тәрізді. Енді әлемдік нарықтың түбегейлі жаңа конъюктурасына дайын болу керек. Нағыз әртараптандырылған технологиялық экономика құру – біз үшін жай ғана қажеттілік емес, баламасы жоқ жалғыз жол», - деді Президент халыққа арнлаған Жолдауында.

Бұл ретте Президент экономиканың халықтың әл-ауқатын арттыру үшін жұмыс істеуі қажеттігін атап өтті.

«Ұлттық табыстың өсуінен түскен пайданы әділ бөлуге, тиімді әлеуметтік лифтілерге деген қоғамдық сұраныстың артуы міндетті түрде оң жауап табуы қажет. Сондықтан еліміздің жаңа экономикалық бағыты 7 басты қағидатқа негізделуі тиіс.

Бірінші – игіліктер мен міндеттемелерді әділ бөлу.

Екінші – жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі.

Үшінші – адал бәсекелестік, кәсіпкерлердің жаңа буыны үшін нарықты ашу.

Төртінші – өнімділікті арттыру, экономиканың күрделілігі мен технологиялылығын арттыру.

Бесінші – адами капиталды дамыту,білім берудің жаңа түрін инвестициялау.

Алтыншы – экономиканы «жасылдандыру», қоршаған ортаны қорғау.

Жетінші – мемлекеттің дәйекті, қисынды шешімдер қабылдауы және олар үшін қоғам алдындағы жауапкершілігі.

Бұл ретте біз өзіміздің бәсекелік артықшылықтарымыз бен нақты мүмкіндіктерімізге сүйенуіміз қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар