Президент жаңа әлеуметтік бастамаларды жария етті

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа әлеуметтік бастамаларды жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін Қазақстан Парламентінен халыққа жаңа әлеуметтік бастамалармен сөз арнаймын. Мен оларды баяғыдан бері ойластырып жүр едім. Бірақ, бізге күш пен қаражат жинақтау қажет болды. Енді міне уақыт жеткен сияқты. Біздің қоғамның әлеуметтік бірлігін одан ары нығайтуға нақты күш-жігер қабылдайтын және оны ауқымды әлеуметтік жобалар арқылы жүзеге асыратын уақыт жетті», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы «Қазақстан - біздің ортақ үйіміз» идеясы жаңа сындарлы ойлармен толығуы тиістігін баса айтты.

«Жаңа бастамалардың маңыздылығын ескере отырып, әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын одан ары жақсартуға бағытталған жаңа әлеуметтік бастамаларды талқылау үшін Парламент палаталарының және Үкіметтің бірлескен отырысына бастамашылық жасадым», - деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы барлық ұсыныстардың егжей-тегжейлі ойластырылғанын, әрі бүгінде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың логикалық жалғасы саналатындығын атап өтті.

 

Соңғы жаңалықтар